Жарияланған күні: 08.12.2025
Петропавлдық конькиші әлемдік жарыста атой салды
Петропавлдық конькиші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңдерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Жерлесіміз 6 бірдей алтын медальды жеңіп алды.

Жарыс Италияның Коллальбо қаласында өтіп жатыр. Дода қарашаның 14-і мен қаңтардың 25-сі аралығында ұйымдастырылмақ. Жерлес конькиші алдымен қарашаның 29-ы 1000 м және 3000 м қашықтықта атой салып, 2 бірдей алтынды қанжығасына байлады. Қарашаның 30-ы күні 1500 метрге жүгіріп, тағы бір бас жүлдені жеңіп алды.
Кристина Шумекова желтоқсанның 6-сы мен 7-сі күндері тағы 3 алтынды қоржынына салды. Алда әлі де спортшы бірнеше мәрте жарыс жолына түсіп, жанкүйерлерге қуантуға тырысары анық.

