Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Miras» кеңесінің мүшелері жылды қорытындылады

«AMANAT» партиясының өңірлік филиалында «Miras» кеңесінің мүшелері жылды жылды қорытындылады. Жиында мәдени мұраны сақтау, инфрақұрылымды дамыту және тіл саясатына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңес мүшелері алдымен жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздейтін «Ұлттық мұра» жобасының жүзеге асырылу барысына тоқталды. Сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие, мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрге құрмет және рухани-адамгершілік бағыттарды қамтитын «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасының іске асырылып жатқаны атап өтілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және этностар тілдерін қолдау шаралары, соның ішінде Аққайың ауданындағы тәжірибе қарастырылды.
Отырыс барысында мәдениет нысандарында жүргізілген күрделі жөндеудің нәтижелері жарияланды. 2025 жылы аталған мақсаттарға 960,4 млн теңге бөлінгені, ал
Қарасай мен Ағынтай батырлары атындағы мемориалдық кешенді қалпына келтіру үшін 177,2 млн теңге бағытталғаны белгілі болды. Жалпы 9 нысанда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған, ал тағы 4 ғимараттағы жұмыстар 2026 жылы жалғасын табады.
Жиын соңында кеңес биылғы жұмыс қорытындыларын шығарып, келер жылға арналған негізгі міндеттерді айқындады. Алдағы жоспарларда – мәдени мұраны сақтау шараларын жалғастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттауды күшейту және мәдениет нысандарының инфрақұрылымын одан әрі жақсарту қарастырылған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *