Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Жас өркен» шағынауданында жаңа балабақша ашылды

«Жас өркен» шағынауданында қазақ тілді жаңа балабақша ашылды. Мектепке дейінгі мекеме 280 балаға шақталған. Салтанатты ашылуға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Әлеуметтік нысан қарқынды түрде дамып келе жатқан аудан тұрғындары үшін маңызды оқиға болып отыр. Балабақшадағы оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі, сондай-ақ жасанды интеллект элементтері де енгізілген.

Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың басында бастау алып, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды.

Соңғы жылдары облыс орталығында мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Өткен жылы екі балабақша пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта тағы бір нысанның құрылысы басталып отыр. Осылайша келер жылы қосымша 280 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *