Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдықтар сенімхаттарды қосымша арқылы рәсімдей алады

Петропавлдықтар сенімхаттарды қосымша арқылы ресімдей алады. Бұл қызмет «ХҚКО«қосымшасындағы жаңа сервисте қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды дамыту және олардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ« ХҚКО «мобильдік қосымшасына «сенімхатты ресімдеу« жаңа цифрлық сервисін енгізді. Бұл сервис азаматтарға мамандандырылған ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу үшін электрондық сенімхаттарды ресімдеуге мүмкіндік береді (дайын құжаттарды алу, КО-ны тіркеу және есептен шығару, КО техникалық паспортын және мемлекеттік нөмірін ауыстыру/телнұсқасы).

Процесс толығымен онлайн форматта жүзеге асырылады және бірнеше минутты алады. Қол қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланылады, ол ресімделген құжаттың заңды күшіне кепілдік береді және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етеді. 

— Бұл сервисті іске қосу мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол қажетті құжаттарды алуды тезірек, қауіпсіз және ыңғайлы етеді, сондай — ақ алаяқтық схемалар мен үшінші тұлғалардың араласу ықтималдығын азайтады, деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет«мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Электрондық сенімхатты қолдану құжаттарды үшінші тұлғаларға беру қажеттілігін болдырмайды және жосықсыз әрекеттер тәуекелдерін азайтады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тікелей өзара іс-қимыл деректердің дұрыстығын, өзектілігін және автоматты түрде тексерілуін қамтамасыз етеді.

Сервисті пайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі бойынша «ХҚКО« мобильді қосымшасында (App Store және Google Play-де қолжетімді) авторлану қажет. Қызметтің құны бір сенімхатты ресімдеу үшін 500 теңгені құрайды. Цифрлық сервисті енгізу Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік қызметтердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *