Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда саңырауқұлақ фермасы ашылды

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде салынған инвестициялар көлемі екі есеге артуда. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жергілікті кәсіпкерлер де белсенді қатысуда.

Үкіметтің қолдауы және ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржыландыруымен «СҚО тәжірибесін тираждау» бағдарламасы аясында «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында саңырауқұлақ фермасы қолданысқа берілді. Жобаның жалпы құны 11,3 млрд теңгені құрайды.

Кәсіпорын жылына 2 400 тоннаға дейін саңырауқұлақ өнімдерін өсіру және өңдеуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру өңірдің өңдеуші өнеркәсібін дамытуға қосымша серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құруға және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін арттыруға, сондай-ақ импортты алмастыруға мүмкіндік береді.

Болашақта жылына 4 000 тонна компост өндіретін зауытты іске қосу және саңырауқұлақ фермасы қуаттылығын жылына 4 800 тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *