Қаланың «Копай» шағынауданында инженерлік желілер жаңартылады
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев халық алдында есеп бергенде «Копай» шағынауданының инфрақұрылым желілері жаңартылатынына аса мән берді. Әрине, жаңадан түрленіп жатқан мөлтек аймақта жолдар мәселесі әлі шешілмейтіні анық. Десе де магистральдік инженерлік желілері салынатыны белгілі.
Қала әкімінің айтуынша, бүгіндері шағынауданда инженерлік желілердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобамен «Triumph Electric» ЖШС айналысуда. Оның құны 2,4 млрд теңге. Биыл 1,6 млрд теңге бөлінсе, 600 млн. теңгесі игерілді. Жоспар бойынша құрылыс 2026 жылы аяқталады. Сондай-ақ 110/«Копай» қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы іске аспақ. Құны 700 млн. теңге болып отыр.
— Копай шағынауданын электрмен үздіксіз қамтуға тырысамыз. Бұл аймақта жаңа үйлер тұрғызылады. Сондықтан желілер де жаңартылуы қажет, – деді Серік Мұхамедиев.

