Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай спектакль сахналанды

Петропавл қаласындағы Creative орталығында Борис Васильевтің «А зори здесь тихие» повесі желісімен жазылған спектакль сахналанды. Қойылым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналды. 

Қойылым ерлік, батырлық және соғыс жылдарының ауыр сынақтарына тап болған буынның трагедиялық тағдыры тақырыбын арқау етеді. Оқушылар алдында Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейдің «Глагол» театры өнер көрсетті. Қойылым актерлерінің айтуынша, басты мақсат – бейбіт өмірдің қандай қиындықпен келгенін көрсету және соғыс сөзінің астарында сан қилы тағдырлар тұрғанын еске салу.

Спектакль төртінші рет көрсетіліп отыр. Көркемдік жетекші қойылым көрермен тарапынан әрдайым жылы қабылданып, жас ұрпақ үшін өзектілігін жоғалтпай келе жатқанын атап өтті.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *