Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Аяз ата бол» акциясы өтуде

Биыл алғаш рет Петропавлда «Аяз ата бол» атты ауқымды қайырымдылық акция бастау алды. Игі бастаманы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қолдады. 

Акцияға Петропавл қаласынан 500-ден астам бала қатысуға ниет білдірді. Әрбір жанашыр жан бүлдіршіндерге жаңажылдық ғажайып сый жасап, армандарын орындауға тырысты. Олардың қатарында облыс әкімі де болды. 

Өңір басшысы Елубаевтардың арманын орындауға тырысты. Аймақ жетекшісі жеке қабылдауда Мансур мен Жанельді қарсы алып, оларға бағалы сыйлықтарды табыстады.  

— Қайырымдылық акциясына мен де қатыстым. Мансур мен Жанель Елубаевтардың арманын орындау бұйырды. Балалардың барлық тілегі орындалып, жаңк жыл мықты денсаулық, қуаныш пен үлкен жетістіктер әкелсін деп тілеймін.Мұндай акция жыл сайын өткізіліп, болашақта бүкіл облыс көлемінде жүзеге асатынына сенемін! — деді өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *