Петропавлдық боксшы қыз үздік атанды
Жерлесіміз, боксшы Наталья Богданова — 2025 жылғы әйелдер арасындағы «Жанкүйерлер таңдауы бойынша үздік боксшы» атанды. Биыл спортшы үшін жыл сәтті өтті. Наталья Әлем кубогы мен чемпионатында топ жарды.
— Әйелдер арасындағы олимпиадалық стильдегі бокста көшбасшылық үшін өткен жарыста әлем чемпионатының алтын жүлдегері және World Boxing Cup — Astana 2025 турнирінің чемпионы @bogdanova__99 айқын жеңіске жетті. Ол финалда екінші орын алған Суннива Хофстадтан 15 000-нан астам лайк жинап, басым түсті. Натальяны осы марапатымен және рингтегі керемет маусымымен құттықтаймыз! 2026 жылы барлық үміткерді қайтадан рингте көреміз деп үміттенеміз — ең қызығы әлі алда! — делінген World.boxing.events хабарламасында.


