Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жерлесіміз Ербол Хамитов — Паралимпиада жүлдегері

Милан-Торина қалаларына Паралимпиада ойындары өтуде. Бұл дүбірлі аламанға ел намысын қорғауға 7 спортшы аттанған болатын, оның 4-уі солтүстікқазақстандықтар екенін атап өткен жөн. Байрақты бәсекеде бүгін Ербол Хамитов қола жүлдені қоржынына салды. 

Паралимпиададағы пара шаңғы жарысында спортшылар 1500 метрге жүгірді. Классикалық спринтке қатысқан Ербол Хамитов алдына жан салмай, ел қоржынына алғашқы медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеге алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі. 

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *