Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Сәрсенбі-бейсенбі күндері боран күтілуде

Қыс біткенімен көктем әлі басталар емес. Қаһарлы жыл мезгілі өз еркімен кетпек ойы жоқ. Мұны «Қазгидромет» мамандары растап отыр.

Синоптиктердің болжамынша,  облыста боран және көктайғақ болады деп күтілуде. Алдағы күндері желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ,  жолдарда бұрқасын болады.

Түнгі уақытта сынап бағанасы -25…-30 градусқа дейін төмендеп, Жамбыл, Есіл, Шал ақын, Тимирязево және Қызылжар, Аққайың, Мамлют, М.Жұмабаев аудандарында аяз күшейеді. 

11 наурызда да қар  мен бұрқасын болады. Күндіз -7 градус болғанымен, түнде -27…-30 градус суық болады.

12 наурызда өңірдің басым бөлігінде қар мен боран сақталады. Кей аудандарда тұман күтілуде. Күн сәл жылынып, термометр көрсеткіштері түнде -15ке дейін, күндіз -2 көрсететін болады.

13 наурызда түнде қар жаууы ықтимал. Әсіресе Уәлиханов ауданына көп түседі, деп болжанып отыр. Екпінді жел сақталады. Осыған қарамастан ауа температурасы жоғарылайды. Түнде -15 болса, күндіз 0 градус болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *