Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өңір тұрғындарын референдумнан қалыс қалмауға шақырды. Аймақ жетекшісі өзі де бұл ел үшін маңызды шараға баратынын айтып, халыққа үндеу салды.

Облыс әкімінің сөзінше, жаңа Конституцияның негізінде заманауи мемлекеттің басты құндылықтары — адам құқықтары мен бостандықтары, әділеттілік пен заң үстемдігі, еңбекке құрмет, білімге ұмтылыс, даму мен жасампаздық жатқанын айтты. 

Одан бөлек, бұл қағидаттар мықты мемлекеттің, жауапты биліктің және біртұтас қоғамның берік негізін қалыптастыратынын айтып, Солтүстік Қазақстан облысы әрдайым тұрғындарының бірлігімен, жауапкершілігімен және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленіп келгенін атап өтті.

— Біздің таңдауымыз – болашақ ұрпақтың тағдырымен ел дамуының кепілі. Еліміздің байлығы мен кең даласын тиімді пайдаланып, экономиканы дамытып, халықтың
өмір сүру сапасын арттыру – баршамызға ортақ міндет.
Сол себепті, баршаңызды 15-ші наурызда өтетін,республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырамын.
Бірлігімізді танытып, болашақ ұрпақ үшін, дамыған Қазақстанды бірге қалыптастырайық,- деді облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *