Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-дан барлық бағытқа жолдар жабылды

СҚО-да ауа райының қолайсыздығынан барлық бағыттағы жолдар жабылды. Боран салдарын көлік жүргізушілері айқын сезінуде. 

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, жауған қар қатты желдің салдарынан боранға ұласып, жолда көп қиындықтар туғызды. Сондықтан полицейлер жолда абай болып, алыс жаққа шығудан бас тарту қажеттігін айтуда. 

— Қала маңының жанында 200-ге тарта көлік тоқталып, кептіліс туғызды. Қаладан шығайын деп жатқан көліктерді қайта Петропавлға оралу қажеттігін ескертеміз. Теміртұлпарлардың басым бөлігі Астана және Жезқазған бағыттары бойынша сапарға шығуды көздеген, — делінген ведомство жазбасында.

Әзірге барлық бағыттағы жолдар жабық. Ауа райы дұрысталса, жолдарды наурыздың 12-сі күні ашу жоспарланып отыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *