Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 2 мыңнан астам жарықсыз қалды

Облыста боранның салдарынан электр сымдары үзіліп, 2,5 мың абонент бір тәулікке жарықсыз қалды.

СҚО ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, дауыл салдарынан Айыртау, Есіл, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда 2555 абонент жарықсыз қалды. Түнде 345 абонентке электр энергиясы берілді.

— Қазіргі уақытта 2210 абонент жарықсыз отыр. Апаттық бригадалар сымдарды қалыпқа келтіріп жатыр. Жұмыстар ойдағыдай жүзеге асып, электр қуаты беріледі, — дейді СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Дәурен Тәубаев.

«Севказэнерго» компаниясының мәліметінше, ауа райының күрт нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясы мамандары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

— Өткен тәулікте қолайсыз ауа райына байланысты электр беру желілерінде 32 технологиялық бұзылу дерегі тіркелді. Мамандардың жедел әрекетінің нәтижесінде қазіргі уақытта облыс аудандарында — 18, ал Петропавлда 5-еуі қалпына келтірілді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *