Жарияланған күні: 12.03.2026
Петропавл дүкендерінде «Nauryz Sale» акциясы өтпек
Наурыз мейрамын тойлау аясында «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Ол қаламыздың супермаркеттерінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ақпаратына сәйкес, акция аясында тұтынушыларға азық-түлік және тұрмыстық тауарларға жеңілдіктер болатыны қарастырылған. Шара Dostyq Mall, City Mall, Рахмет сауда орталықтарында ұйымдастырылмақ. Бұған қоса, «Северный», «Семейный», «Аймер», Magnum, «Пирамида» мен «Айсберг» дүкендерін қамтымақ.
Мереке күндері дүкендер мейрамға орай безендіріледі. Акция наурыздың 13-і мен 23-і аралығында өтеді.


