Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жерлесіміз Ербол Хамитов — Паралимпиада чемпионы

Жақында ғана жерлесіміз Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында алғашқы медальді ел қоржынына салды. Бүгін де отандасымыз тағы бір қуантты. Ол осы жолы алтыннан алқа тағынды. 

Ербол Хамитов пара биатлон сынында барлық қарсыластарын озып, нысанаға дәл атып мәреге бірінші болып жетті.

Қазақстандық пара спортшы пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарып, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. 

Чемпионды облыс әкімі құттықтады. Аймақ жетекшісі телефон арқылы байланысқа шығып, Ерболға жылы лебізін жеткізді. 

— Ербол нағыз қайсарлық пен жоғары шеберлігін көрсетіп, алтын медаль иеленді. Бұған дейін ол ел қоржынына қола жүлде салған болатын, ал енді жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл жеңіс — Солтүстік Қазақстан облысы мен бүкіл еліміз үшін үлкен мақтаныш. Чемпионымызға зор денсаулық, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілеймін, — деді СҚО әкімі.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *