Жарияланған күні: 15.03.2026
Петропавлда 595-ші референдум учаскесінде қос әкім таңдау жасады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала басшысы Серік Мұхамедиев облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өз таңдауларын жасады. Жергілікті билік өкілдерінің басшылары №595 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Қос әкім сағат дәлдігімен 9:00 уақытында ғимаратқа кіріп, өз таңдауларын жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, саяси науқанның маңыздылығын алға тартты.
Айта кету керек, облыс аумағында барлығы 581 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңір басшысы сайлаушылардың жоғары белсенділігін және елдің қоғамдық-саяси өміріне жауапкершілікпен қатысып жатқанын атап өтті.
— Өңір тұрғындарының жоғары белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін көру қуантады. Сайлауға қатысу — әр азаматтың облысымыз бен тұтас еліміздің дамуы мен болашағына қосқан маңызды үлесі», — деді облыс әкімі.


