Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Референдум учаскелері жабылды

Барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлім етті.

— Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс, — деді Мұхтар Ерман.

Оның дерегінше, республиканың 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады.

— Референдумның алдын ала қорытындылары арнайы хабарланатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады, — деді комиссия төрағасы.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *