Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО ТЖД мамандары мұз жару жұмыстарын бастады

Биыл өзендерде мұзды жару жұмыстары 16 наурызда басталды. Бүгін ТЖД мамандары Есіл өзенінде аталмыш жұмысты жүргізді.

Мамандардың айтуынша, мұзды жару жұмыстары 21 наурызға дейін жалғасады. Айта кеткен жөн, жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін Петропавл қаласының әкімдігі және тағы жеті ауданға 84 миллион теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта мұзды жару жұмыстары Қызылжар ауданы және Петропавл қаласы аумағындағы Есіл өзенінде жүргізіліп жатыр. 

«Қазгидромет» кәсіпорнының облыстық филиалы наурыз айынан бастап өңірдегі өзендердің жағдайына байланысты күнделікті гидрологиялық бюллетень әзірлеп жатыр. Оған 27 гидрологиялық бекеттің көрсеткіштері енгізілген. Әзірге өзендер мұз құрсауында жатыр. Ақанбұрлық, Шарлық өзендерінде мұз қалыңдығы 80-88 см шамасында. Шағалалы өзені түбіне дейін қатып, мұз қалыңдығы 94 см жеткен. Есіл өзенінде мұз құрсау 82-51 см аралығында алып жатыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *