Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Шаңырақ күнінде облыс әкімі Сағандықовтар әулетімен жолықты

Наурызнама онкүндігінің төртінші күні – Шаңырақ күні. Айтулы күнге орай облыс әкімі Сағандықовтар әулетімен жүздесуді жөн көрді. 

Өңірімізде еңбегімен, өмірлік тәжірибесімен және татулығымен жас ұрпаққа үлгі болып жүрген өнегелі отбасылар аз емес. Солардың бірі – Сағандықовтар әулеті.

Шаңырақ күні аясында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көпбалалы Сапарғали аға мен Айман апаның шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ерлі-зайыптылар 57 жылдан бері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Осы уақыт ішінде 9 бала тәрбиелеп, бүгінде 27 немере мен 7 шөберенің қызығын көріп отырған үлкен әулетке айналған. Бұл – бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан өнегелі отбасының айқын көрінісі.

Сапарғали аға өмірінің үлкен бөлігін ауыл шаруашылығы саласына арнаса, Айман апа ұзақ жылдар бойы есепші қызметін абыроймен атқарған. Балаларын тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге қосқан зор үлесі үшін Айман апа І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.

— Осындай берекелі отбасылар – елдің мақтанышы, қоғамымыздың нағыз байлығы. Дәл осындай әулеттер арқылы халқымыздың игі дәстүрлері сақталып, ұрпақтар сабақтастығы нығая түседі, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік секілді мәңгілік құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа жалғасады,- деді өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *