СҚО-да 200-ден астам адам антирабиялық көмекке жүгінді
Өткен жылы төрт аяқтылардың кесірінен 164 адам медициналық көмек жүгінді. Биыл олардың саны 33 пайызға артып, 239 адамды құраған.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, иттердің зардап шеккендер саны биыл азаймай отыр. Керісінше артып келеді. Мәселен, Петропавлда биыл 123 адамды жануарлар тістеген, тырнаған, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 39%-ға көп. Жарақат алғандардың 56%-ын немесе 133 адамды ит қапқан. Оның ішінде 69 адамды көшеде иесіз жүрген иттер қапқан. 91 адам немесе 38%-ы мысықтардан зардап шеккен. Сондай-ақ 15 адам түлкі, ірі қара мал, тышқан, егеуқұйрық және басқа жануарлардан жарақат алған.
Департамент басшысының ақпаратынша, 239 адамға антирабиялық вакцина салынды, соның ішінде 128 адамға тек вакцина, 111 адамға иммуноглобулин және вакцина қолданылды.
– Егер де абайсызда жануарлар тырнап немесе қауып алса, жараны кемінде 15-20 минут бойы сабынмен жуу керек. Кейін 70% спирт немесе йодпен өңдеу қажет. Сондай-ақ дереу медициналық мекемеге барып, антирабиялық вакцина алыңыз. Құтырма – емі жоқ ауру. Дерттен қорғанудың бірден-бір жолы – вакцинация. Екпе уақтылы жасалса, адам өміріне келер қауіп жоқ, — дейді Әсет Жұматаев.

