Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында зейнеткерге көмек көрсетілді

Облыстың белсенді жастары «Бірлік» шағынауданында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Шара аясында Петропавл қаласының тұрғынына көмек көрсетілді.

Игі шара барысында еріктілер тұрғын үй ауласында жиналып қалған қыстан қалған қоқысты тазалап, айналаны ретке келтіріп берді.

Зейнеткер зайыбымен бірге тұрады. Алайда соңғы жылдары жас ұлғаюына байланысты үй шаруасымен айналысу қиындық туғыза бастаған. Әсіресе қыс мезгілінен кейін аулада жиналып қалатын қоқысты шығару мен тазалық жұмыстарын жүргізу ауырлық етеді. Осыны ескерген белсенділер қар ерігеннен кейінгі тазалық жұмыстарын қолға алып, аумақты толықтай қоқыстан тазартып, сыртқа шығарып берді.

Аталған акция тұрғындарға қолдау көрсетумен қатар, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған. Еріктілердің айтуынша, мұндай шаралар тек көмек көрсетіп қана қоймай, қоғамда жанашырлық пен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *