СҚО-да 1 мыңнан жүргізуші көлікті мас күйде басқарған
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері бір мыңнан астам жүргізуші мас күйінде болған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан үш күн бұрын түнде Назарбаев көшесінде полицейлер Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Рөлде Солтүстік Қазақстан облысының 38 жасар тұрғыны болды. Медициналық куәландыру алкогольдік мас күйін растады.
Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Және көлік құралдарын жүргізу құқығынан 7 жылға айырды.
Фурманов көшесіндегі түнгі рейд барысында полицейлер «Mazda» автокөлігін басқарған 30 жастағы азаматты тоқтатқан. Ер адамның жүргізуші куәлігі болған жоқ. Оның үстіне одан алкогольдің иісі шыққан.
Полиция оны наркологиялық орталыққа жеткізді, онда медициналық куәландыру алкогольдік мас екенін көрсетті. Тәртіп бұзушы өзінің қонаққа келіп, қатты сусын ішкенін жасырмады. Тәртіп сақшылары осы факті бойынша материал жинады. Сот шешімімен тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды.
Жыл басынан бері полицейлер көлік құралдарын мас күйінде жүргізудің 1045 фактісін анықтады. Мас жүргізушілердің кінәсінен 23 авария орын алып, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.

