Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық полицейдің бір күні қалай өтеді

Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонында жол-көлік оқиғаларына шығатын төрт кезекші инспектор тәулік бойы, кез келген ауа райында қызмет атқарады.

Жыл басынан бері облыс орталығында 1595 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 133 жағдайда жүргізушілер оқиға орнынан бой тасалаған. Әрбір апаттың мән-жайын анықтау, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізушілерді іздестіру және істің объективті қаралуын қамтамасыз ету – “Заң мен тәртіп” қағидатының талабы. Осындай инспекторлардың бірі – 30 жастағы полиция аға лейтенанты Саят Уланов. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Аралағаш ауылында дүниеге келген. Бала кезінен полицей болуды армандаған. Ішкі істер органдарына 2019 жылы қызметке қабылданып, үш жылдан астам уақыт бойы жол-көлік оқиғаларын рәсімдеумен айналысып келеді.

Апат туралы хабарлама түскен бойда Саят оқиға орнына шығады. Соқтығысудың іздері мен салдарын тіркеу, қажетті мәліметтерді жинау, басқа қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру қажет. Оқиғаның себептерін анықтау көп жағдайда осы жұмыстың қаншалықты дәл атқарылғанына байланысты. Бос уақытында Саят жүзумен және үстел теннисімен айналысады. Спорт қарбалас қызметтік ауысымдардан кейін күш-қуатын қалпына келтіруге көмектеседі. Қызметінің қарбаласына қарамастан, Саят мамандық таңдағанына өкінбейді. Оның бала күнгі арманы күнделікті еңбекке айналды.

Рәсімделген әрбір жол-көлік оқиғасының артында адам тағдыры тұрса, полицейдің әрбір сауатты әрекеті “Заң мен тәртіп” қағидатының сақталуына бағытталған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *