Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО ардагерлер ұйымының ІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Ардагерлердің дәстүрлі жиынында СҚО басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Ардагерлер ұйымының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, сондай-ақ төраға орынбасары Абай Тасболатов қатысты.


Конференция барысында ардагерлер ұйымдарының атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі даму бағыттары қарастырылып, басым міндеттер айқындалды. Жиын қорытындысы бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Ескендір Елеусізов сайланды. Ол он бес жылдан астам уақыт бойы өңірдегі ардагерлер қозғалысын басқарып келеді.

 


— Бүгінде ардагерлер қозғалысы – ұрпақтар сабақтастығын жалғаған, даналық пен өмірлік тәжірибенің, тағылым мен тәрбиенің қайнар көзі. Ардагерлер тарихи жадымызды сақтап қана қоймай, қоғам өміріне белсене араласып, жас буынға рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеп келеді. Олардың өмір жолы мен елге адал қызметі – шынайы патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісі. Әсіресе, аудандар мен ауылдардағы ардагерлер кеңестерінің рөлі айрықша. Олар ел мен билік арасындағы алтын көпірге айналып, халыққа тірек болып, қоғамдық келісім мен өзара сенімді нығайтуға зор үлес қосып отыр,- деді өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *