СҚО-да жасөспірімдер арасында шорт-тректен ҚР чемпионаты өтуде
Петропавлда жасөспірімдер арасында шорт-тректен ҚР чемпионаты жалауын көтерді. Мұндай жарыс теріскей топырағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта еліміздің 8 өңірінен жиналған 120 спортшы сынға түседі. Жаттықтырушылардың айтуынша уақыт өткен сайын жастар арасында спорттың бұл түріне қызығушылық артып келеді. Оның үстіне мемлекеттік қолдау да бар. Оған өңірлерде ашылып жатқан спорт нысандары дәлел. Сайыс 4 күн бойы жалғасады.
«Шорт-трек спорртын дамытып жатқан өңірлер саны артуда. Мысалы, осы өңірде ашылғанына 6 жыл болды. Қазірдің өзінде, ҚР-ның Чемпиондары мен жүлдегерлері бар, ол балалар арасында, жасөспірім», — дейді шорт-тректен ҚР Ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Азамат Әлиев.
.