СҚО тумасы Ризабек Айтмұхан — еркін күрестен Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы
Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз, жас балуан Ризабек Айтмұхан чемпион атанды.
Ризабек алғашқы айналымда Венгрия балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты.
Финалда Ризабек әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесіп, жеңімпаз атанды.
Осылайша, еркін күрестен тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар еркін күрес шеберлері әлем чемпионатынан алтын медаль алмаған.