Еркін күрестен ел тарихында тұңғыш әлем чемионы атанған Ризабек Айтмұқанға қанша сыйақы беріледі
Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында еліміздің атынан тұңғыш рет алтын медаль алған Ризабек Айтмұханға мемлекеттен ақшалай қанша сыйақы берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды тілшіміз Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, чемпионға мемлекет тарапынан бір реттік қаржылай сыйлық беріледі. Сонымен қатар чемпионның жаттықтырушыларына да сыйақы табысталады.
«15 мың АҚШ долларын (қазіргі курспен 7 млн теңге) Ризабек алады. Оған қоса тағы 15 мың долларды жаттықтырушылары алады. Бұл ақшаны пайыздық қатысушылық деген бар, соған қарай жаттықтырушылар өзара бөліп алады», — деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Мөлдір Әбдуәлиева.