Жарияланған күні: 01.10.2026
Азиада: Ислам Евлоев жеңіліс тапты
Азия ойындарында күрес түрлерінен кезекті жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін сайысқа жерлесіміз Ислам Евлоев қатысып, ширек финалда есе жіберді.

97 келідегі Ислам Евлоев ширек финалда жарыс қожайыны Юри Наказатодан 0:10 есебімен есе жіберді. Енді ол Астана уақытымен 14:55-те Иран балуаны Мехди Балихамзехдехпен қола жүлдені сарапқа салады.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 77 келідегі Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан 1:10 есебімен жол берді.

