Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тайынша ауданының агроөнеркәсіп кешенінде жаңа жобалар жүзеге асырылуда

СҚО әкімі жұмыс сапарымен Тайынша аудынанда болды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инвестициялық жобалардың барысымен танысты.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, Чкалов ауылында «Север-Охота» ЖШС артемия шаянының цистасын өңдеу және өткізу зауытын салып жатыр. Жобаның құны – 1,3 млрд теңге. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін жылына 1 200 тоннаға дейін өнім өңдей алады.

Ал Ильичевка ауылында «ПТФ Есильская» ЖШС 80 мың жұмыртқалайтын тауыққа арналған жаңа құс қорасын салуда. Жобаны іске асыруға кәсіпорын 700 млн теңге көлемінде өз қаражатын бағыттап отыр.

Теңдік ауылындағы «Аманат» шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында шаруашылық 1,3 млрд теңге көлемінде несие алды. Алдағы уақытта Австралиядан ангус тұқымды 500 бас ірі қара және дорпер тұқымды 525 бас қой әкелу жоспарланған.

Сапар барысында өңір басшысы аға буын өкілдерімен және аудан тұрғындарымен де кездесті. Кездесуде тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар бақылауға алынды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *