Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да азық-түлік бағасы өзгерді ме

СҚО-да бір жылдың ішінде азық-түлік бағасы — 8%, азық-түлік емес тауарлар — 12% қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлап отыр. 

Бюро мәліметіне сәйкес, азық-түлік бағасының жылдық өсіміне бірқатар өнімнің қымбаттауы әсер еткен. Мәселен, жұмыртқа бағасы бір жылда — 21,5%, кептірілген өрік 20%, шұжық өнімдері 20% жуық, тоқаш пен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 17,5% өскен.

Салқындатылған балыққа -12%, құс етіне — 9%, макарон өнімдеріне — 6%, мұздатылған балыққа 3% қымбаттаған. Көкөністердің жалпы бағасы 15% өскен. Оның ішінде ең жоғары өсім картопта — оның бағасы өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 74% қымбаттаған. Сәбіз — 50%, қырыққабат — 35%, пияз 17% өскен. Ал кей өнімдер, мәселен қияр бағасы бір жылда — 45%, алма — 26%, лимон 5% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында тұрғын үйді жөндеуге және күтіп ұстауға қажетті материалдар — 17%, киім мен аяқ киім — 14%, тұрмыстық аспаптар — 14%, кеңсе тауарлары 12% қымбаттаған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *