Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ға газ 2030 жылы жетеді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өңірді газдандыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Оған ҚР Энергетика министрлігінің, «QazaqGaz» және «АстанаГаз КМГ» компанияларының өкілдері қатысты. Жиында жобаны іске асырудың нақты қадамдары мен қажетті инфрақұрылымды дайындау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы елімізді газдандыру жұмысын жеделдетіп, халықты табиғи газбен қамту деңгейін 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Негізгі отын түрі көмір болып отырған Солтүстік Қазақстан облысы үшін газдандыру тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарды азайтуға және жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 8 қазанда Қазақстан Үкіметі мен ресейлік «Газпром» компаниясы арасында солтүстік өңірлер мен Астана қаласын газдандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатта «Есіл — Астана» магистральдық газ құбырын салу көзделген. Оның бағыты СҚО аумағы арқылы өтіп, елді мекендерді одан әрі газдандыруға негіз болады. Магистральды 2030 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта облыстың барлық 13 ауданын кезең-кезеңімен газдандыру көзделген. Алдын ала есептеулер бойынша өңірдің табиғи газға қажеттілігі 2030 жылы 302,3 млн текше метрді құраса, 2040 жылға қарай жылына 1,8 млрд текше метрге дейін өсуі мүмкін. Өңір басшысы жобалау кезеңінде халық пен экономиканың болашақтағы қажеттіліктерін, соның ішінде жылу электр орталығын, қазандықтар мен кәсіпорындарды газға көшіру мүмкіндігін ескеруді тапсырды.

Облысты толық газдандыру үшін шамамен 1 000 шақырым газ тарату желісін салу қажет. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі жыл соңына дейін елді мекендерді газдандыру кезектілігін айқындауды, желілерді жобалау және қаржыландыру көздері мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Жауапты органдар мен аудан әкімдеріне бастапқы деректердің уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету жүктелді. Белгіленген мерзімдердің сақталуы мен жер мәселелерінің жедел шешілуіне аудан және Петропавл қаласының әкімдері дербес жауапты.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *