Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ның мемлекеттік қызметшілері ономастикадан білімдерін саралады

Петропавлда «Ұлттық ономастика – ел айнасы» байқауы өтті. Конкурсқа қала мен аудан мамандарынан құралған төрт команда қатысып, ономастика саласындағы білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен командалар өздерін таныстырып, атаулары мен ұрандарын ұсынды. Кейін өңірдегі ономастика саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. «Жер-судың аты – тарихтың хаты» интеллектуалдық турында экранда көрсетілген мекендерді атап, қысқаша сипаттамасын айтулары тиіс болды. Соңғы кезеңде қатысушылар ономастика саласына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Сайысқа 4 команда қатысты. Олар Петропавл мен 13 ауданнан жиналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері. «Тамыр» тобы Қызылжар, Тайынша және Шал ақын ауданы мамандарының басын біріктірді.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *