Петропавлда 2027-2029 жылдары 25 тұрғын үй салынады
Петропавлда 2027-2029 жылдары 2067 пәтерлік 25 тұрғын үй салу жоспарлануда.
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сергей Мелехов қаланың одан әрі дамуының негізі 2035 жылға дейін бекітілген Бас жоспарды іске асыру болып табылатынын атап өтті.
— Егжей-тегжейлі жоспарлаудың 13 жобасын бекіттік, тағы біреуі әзірленуде. Бұл тұрғын үй аумақтарын жоспарлы дамытуды, жаңа объектілер мен қажетті инженерлік инфрақұрылым салуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Жас Өркен», «Орталық», «Береке», «Копай», «Набережный» және «Орман» шағынаудандары құрылыстың перспективалы бағыттары болып қалуда, — деді С.Мелехов.
Биыл қала бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 215 мың шаршы метрді құрайды. Тоғыз ай ішінде 104,6 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5% -ға артық. Жыл соңына дейін тағы да 11 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
— 2027-2029 жылдары 25 тұрғын үй жұмысқа алынды. Жалпы ауданы — 134 мың шаршы метр, ол 2 067 пәтер салуды көздейді. Қосымша 22 үйдің коммерциялық құрылысы жоспарлануда. Олардың жалпы ауданы 2 787 пәтерге 250 мың шаршы метрді құрайды. «Копай» шағын ауданын игеру жалғасуда. Жыл соңына дейін мұнда 461 пәтерлік бес көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, — деді С.Мелехов.
Ол кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды бағыт болып қалатынын қосты. Бюджеттік тұрғын үй қорының пәтерлерін бөлу «Отбасы банкі» АҚ арқылы жоспарлануда. Пәтерлердің 70% — халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, 30% — кезекте тұрғандар үшін.
— Мемлекет басшысы атап өткендей, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту өмір сүру сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Петропавлда облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының құрылысы басталды. 480 төсектік көпбейінді облыстық аурухананың құрылысы жалғасуда. Пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған, — деді С.Мелехов.
Уәлиханов көшесінде 280 орындық балабақша ашылды. «Копай» шағын ауданында мектеп салу жоспарланған.

