Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл жолдарының 40 шақырымы жөндеуден өтпек

Петропавл қаласының әкімдігінде келесі жылы жолдарды жөндеу және қайта жаңарту бойынша жоспарлар таныстырылды.

Мемлекет басшысы Жолдауында автомобиль жолдарының сапалы құрылысын қамтамасыз ету және өңірлердің көліктік байланысын жақсарту қажеттігін атап өткен. Петропавл автомобиль жолдарының ұзындығы 366 шақырымды құрайды. Оның 222 шақырымы қатты жабынды. Тағы 144 шақырымы топырақ күйінде қалып отыр.

— Негізгі міндеттердің бірі — топырақ жолдарын асфальтбетон жабынына кезең-кезеңмен ауыстыру. Биыл жалпы ұзындығы 11 шақырым болатын 16 көшені қамтыған үш өтпелі орташа жөндеу жобасы аяқталды. 32 көшеде орташа жөндеудің жаңа жобалары іске асырыла бастады. Оның 29-ында жалпы ұзындығы 26,3 шақырымды құрайтын жолдарды асфальттау қарастырылған. Жобалардың жалпы құны шамамен 3,3 млрд теңгені құрайды, — деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Сергей Мелехов.

Қаланың жолдарын ағымдағы және шұңқырлы жөндеуге биыл 1 млрд теңге бөлінді. 102,1 мың шаршы метр алаңда шұңқыр жөнделді. Маршруттық — 7,4 км.

2027 жылы жалпы ұзындығы 24,1 км орташа жөндеудің сегіз өтпелі жобасын іске асыруды жалғастыру жоспарланып отыр. Қаржыландыру қажеттілігі 2,5 млрд теңгені құрайды.

20 шақырымда маршруттық әдіспен ағымдағы жөндеу жоспарланған. Шұңқырларды жөндеу — 80 мың шаршы метр алаңда.

— Жолдарды салу мен қайта жаңартудың перспективалы жобаларын атап өтейін. «Береке» шағын ауданында Малая көшесі мен Қазбек Байбұлов көшесінің құрылысын жалғастыру жоспарлануда. Ең маңызды жобалардың бірі ұзындығы 6,8 км Қизатов көшесін реконструкциялау болып табылады. Жобада төрт жолақты жол, тротуарлар, нөсер кәрізі және көшелерді жарықтандыру қарастырылған. Болжамды құны 16,5 млрд теңгені құрайды, — деп хабарлады С.Мелехов.

Ол сонымен қатар Фрунзе көшесін салу жобасы әзірленіп жатқанын қосты. Оны іске асыру «Береке» шағын ауданының қаланың орталық бөлігімен қосымша көлік байланысын құруға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *