Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тарихи ота: эпилепсиямен ауыратын 2 науқас балаға ота жасалды

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында эпелипсиямен ауыратын екі кішкентай науқас бірегей ота жасалды. Жергілікті хирургтар Астанадан келген мамандар бірлесіп, кезбе жүйкені ынталандыратын арнайы VNS құрылғыны орнатты.

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының ақпаратына сәйкес, кеуденің жоғары бөлігіне қойылатын қондырғыны алғаш рет Петропавлда орнатты. Бұған дейін мұнда ота тек елордада жасалатын.

— Осындай оталар бұрындары шетелде ғана жасалатын. Кейін елордалық мамандар бұл технологияны игеріп алды. Енді міне, бүгіндері шеберлік сағаты ретінде астаналық хирургтар бізге келіп, кішкентай бүлдіршіндерімізге жасатты. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қаржыландыруымен МӘМС шеңберінде ерекше операцияға қол жеткіздік, — дейді көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Данияр Бейсембаев.

VNS құрылғысы миға әлсіз электрлік импульстер жіберу арқылы жүйке жүйесінің жұмысын реттейді. Ерекшелігі мұндай ота эпилепсиямен ауыратын кез келген балаға жасалмайды. Биыл арнайы іріктеуден өткен 4 және 8 жастағы бала таңдалды. Бірі – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны болса, екіншісі – ота жасатуға арнайы елордадан жеткізілді.

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының нейрориргі Николай Кутыревтің айтуынша, арнайы құрылғының құны 8 млн. теңгеге жуықтайды. Бір отаға МӘМС аясында шамамен 10,5 млн. теңге жұмсалады.

— Әр ота 1 сағатқа шақталады. Операциядан кейін науқастар 1 жыл бойы дәрі-дәрмек қабылдамайды. Олардың денсаулығын бұл құрылғы қадағалап реттейді, — дейді Николай Кутырев.

Арнайы құрылғы 10 жылға дейін қызмет етеді. Осылайша, МӘМС шеңберінде эпилепсиямен ауыратындардың өмірі жақсарады. Айта кету керек, облыста эпилепсия диагнозы қойылған 621 бала бар.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *