СҚО-да 474 ұрлық фактісі тіркелді
Жыл басынан бері облыста 474 ұрлық тіркелгенін хабарлады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға аз. Ал ұрлық қылмыстарының ашылу көрсеткіші 79,8%-дан 82,3%-ға дейін өскен.
Бүгінде мал ұрлығы мәселесі өзекті. Биыл 11 дерек тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 10 болған. Ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуы көбіне олардың иелеріне де байланысты. Сондықтан малды қараусыз қалдырмау, қора-жайларды нығайту және малды сәйкестендіру сияқты қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Қазіргі уақытта облыста 51 мыңнан астам бейнекамера бар. Оның 19 мыңнан астамы СҚО ПД жедел басқару орталығына қосылған. Отырыс қорытындысы бойынша полиция, әкімдіктер мен тұрғындардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі атап өтілді.
Ұрлықтың алдын алу құқық қорғау органдарының жедел жұмысымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қылмыс жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды жою да маңызды.

