Азия ойындарының чемпионы туған жеріне оралды
Биыл Ұлттық құрама спортшылары Азия ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізді. Әсіресе велоспортшылар командасы бұрындары тіркелмеген көрсеткіштерді бағындырды. Айта кету керек, өңір мақтанышы Алексей Луценко 6-шы рет Азиаданың жеңімпазы атанды.
СҚО спорт басқармасының мәліметінше, Алексей Луценко ел спортының жаңа белесіне қол жеткізді. Биыл ол 6-шы рет Азия ойындарының чемпионы атағын иеленді. Жерлесімізді әуежайдан спорт саласының өкілдері, жанкүйерлері мен жақындары қарсы алды.
— Мен үшін бұл соңғы Азиада болды. Екі мәрте жарыс жолына шықтым. Қос додада да жеңімпаз атандым. Енді спорттан демалғым келеді. Мансабымды аяқтаймын. Сол себепті, туған жеріме келдім. Енді отбасыма, балаларыма және ата-анама көңіл бөлгім келеді, — деді Алексей Луценко.
Жапонияның Нагоя қаласында өткен Азия ойындарында жерлесіміз 2 алтын медаль жеңіп алды.

