Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда заңсыз сатқан пиротехникалық өнімдер тәркіленді

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде орналасқан дүкенде рейд барысында полицейлер сертификаты жоқ 41 қорап пиротехникалық бұйым тәркіледі. Дүкен иесінде мұндай өнімді сатуға рұқсат та, тауар сапасын растайтын сертификат та болмаған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл сауда орны тәртіп сақшыларының назарына алғаш рет ілігіп отырған жоқ. 10 қарашада дәл осы дүкеннен заңсыз сатылымға қойылған тағы 28 қорап пиротехникалық бұйым тәркіленген.

Заңсыз сауда деректері облыстың өзге аудандарында да тіркелді. Есіл және Аққайың аудандарында анықталған екі құқық бұзушылық бойынша тағы 12 қорап пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Тәртіп сақшылары сертификатсыз пиротехникалық бұйымдардың көбіне тиісті талаптарға сай тасымалданып, сақталмайтынын ескертеді. Мұндай өнімдерді пайдалану күйікке, жарақат алуға және өртке әкеп соғуы мүмкін. Полиция пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі 10-30 қараша аралығында өткізіледі. Екінші кезеңі жаңа жылдық мерекелер қарсаңында, 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *