Жерлесіміз Алексей Луценко «Түркия туры» көпкүндігінің жеңімпазы атанды
Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жалпы есептің қорытындысы бойынша «Түркия туры» көп күндік веложарысты жеңіп алды, деп хабарлайды тілшіміз.
Жерлесіміз түрік жарыстарының чемпионы атанып, 8 кезеңнен тұратын сайыста үздік нәтиже көрсетті. Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы биылғы түрік көп күндік веложарысының көшбасшысының жейдесін киіп, жеңіс тұғырының жоғарғы сатысында көрінді. Осыған дейін Алексей аталмыш жарыста екінші орын алған болатын.
«Алексей Луценко «Түркия туры» көшбасшының жейдесін 3-ші кезеңде Бабадаг тауы шыңында жеңіп алды. Кейін қалған 5 күн бойы алда келіп, жеңісті қолдан бермеді. Нәтижесінде Стамбулда тарихи жеңіспен аяқтады»- деп хабарлайды Astana Qazaqstan Team командасының баспасөз қызметі.