Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыстағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға 1,3 миллиард теңге зқаржы қарастырылды

2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға -1,3 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Ал  оның 400 миллион теңгесі қысқы уақытта атқарылатын жұмыстарға жұмсалатын болады.Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте талқыланды, деп хабарлайды тілшіміз. 

Бүгінгі күні 13 аудан бойынша 6 ұйыммен арнайы келісім жасалған.  Ал, Тимирязев ауданындағы «Жасыл Есіл»  мердігерлік мекемесінің өз міндеттерін орындамауына  байланысты екіжақты шарт бұзылып, іс сотқа жолданған. 

«Облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы — 1983 шақырымды құрайды. Мердігерлік ұйымдардың қатарында «ГК Инжиниринг», «Көкшетау жолдары», «Қызылжар жолдары КЗ», «Петропавл жолдары» секілді серіктестіктер бар. Қыраулы қыс кезінде  маусымдық жұмыстарға 142 техника,  278 адам, 11 жол пайдалану пункті сақадай-сай әзір тұр»,-  деді СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет. 

Жиын барысында Мақсат Баяхметов аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 4463 шақырымға жуықтайтынын, 11 ауданмен келісімшартына қол қойылғанын мәлімдеді.  200-ге жуық ауыл шаруашылығы құрылымы 1,3 мың шақырым жол күтімін өз міндеттеріне алатын болады. Бұдан бөлек, басқарманың балансында  Төтенше жағдайлар министрлігі  мемлекеттік материалдық резерві қорынан алынған екі  шнекоротор арнайы техникасы бар. Оның бірі  Қызылжар, екіншісі Жамбыл ауданында орналасқан. Қиын жағдай туындаған кезде олар бірінші кезекте көмекке жіберіледі.

 

Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазавтожол» ҰҚ АҚ жергілікті филиалы директорының орынбасары Қанат Өсербаевтан  қысқы  кезеңде  Петропавлдан Көкшетауға дейін  ақылы жол қалай  күтіп ұсталатынын, өткен жылдары  қатты жауын-шашын кезінде орын  алған оқыс оқиғалар қайталанбасына қандай кепілдік берілетінін сұрап білді.  Биыл  машина-трактор паркі 20 техникамен толықты. Оның төртеуі  нақ осы аймаққа бөлінеді. Жолдар тәулік бойы аршылады, мониторинг күн сайын жүргізіледі, деген жауап берілді.

«Қарлы, боранды күндері  өңір  бойынша 8416 шақырым жол қысқы күтіммен  толық қамтамасыз етілуі тиіс. Оның  1970 шақырымы–республикалық, 1983 шақырымы– облыстық, 4463 шақырымы аудандық маңызға ие. Былтырлары  күре жолдардың жиі  жабылып,  көлік қозғалысы шектелген оқиғалар аз кездескен жоқ. Жолаушылар ақ қар, көк мұзда қалмас үшін  қысқа дайындық жұмыстарын бір сәтте бәсеңдетпеу керек. Автомобиль жолдарын күтіп-ұстайтын мердігерлер  уақтылы анықталып, техникалар, жылыту бекеттері қар құрсауында қалған  жүргіншілерге қызмет көрсетуге әзір тұруы, жанар-жағармай, инертті матариалдар жеткілікті түрде бөлінуі  қажет. Техникалардың көпшілігі  2000-шы жылдары жаңартылған. Жолдарды қардан аршу жұмыстарына  шаруашылықтар да белсене араласуы тиіс. Қыста  жолдың уақтылы тазаланып, көктайғаққа қарсы шаралардың  дер уақытында жасалғанын бәрі де қалайды. Сондықтан техникалық база толықтырылып, жолдар дер кезінде аршылып,  адамдардың еркін қатынауын қамтамасыз ету–басты  міндеттердің бірі», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *