Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Айыртау ауданының орталығында 17 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталмай тұр

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында 17 көпқабатты үйдің құрылысы 26 жылдан бері аяқталмай тұр, деп хабарлайды тілшіміз.

Бұл баспаналар кезінде уран кенішінің жұмысшылары үшін салына бастаған. Алайда қазба байлығының қоры таусылып, кен орны жабылған. Жұмыссыз қалған жұртшылық салынып жатқан пәтерлерін тастап, жан-жаққа үдере көшкен. Аудандық әкімдік үйлердің бір бөлігін мемлекет меншігіне алып, құрылысын аяқтаған. Алайда қалған баспаналарды салып бітіру мүмкін болмай тұр. Билік өкілдерінің айтуынша оған кей пәтер иелері жылжымайтын мүлікті сатудан бас тартуы себеп.

«Кезекте тұрғанымызға 6 жылдың көлемінен асты. Бюджеттік қызметкерлер ретінде, әлеуметтік салада жұмыс жасаймын. Кезек өзгеріп жатқан жоқ. Тұрған үйлерді салып, кезегіміз жылжыса екен дейміз», — деді Саумалкөл ауылының тұрғыны Гүлдана Жұмаш.  

Үйлерге қажетті комуникацияның барлығы тартылған. Әкімдік өкілдері арнайы сараптама жасатып, баспаналардың жағдайын бағалаған. Нәтижесінде мамандар құрылысты жалғастыруға болады деген қорытынды шығарды. Бос тұрған 17 үйде 891 пәтер бар. Аудан орталығында 900 адам пәтер кезегінде тұр.

«8 үйді қалыпқа келтірдік. Бағдарлама сот арқылы коммуналдық меншікке түсті. 80 пәтер ішінде. Оларға сосын үкіметтен ақша бөлінді. Ремонт істелінді, сосын кезекте тұрған кісілерге тапсырылды», — деді Айыртау ауданың әкімі Ерболат Бекшенов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *