Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстікке көшіру жобасынан қаржыны аямау керек – Қайрат Балабиев

Оңтүстік тұрғындарын еліміздің солтүстік облыстарына көшіру жұмыстары соңғы жылдары бәсеңдеп қалды. Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев теріскейдегі демографиялық ахуалды реттеу мақсатында қолға алынған бұл жоба қайта жандануы керек деп есептейді. Бұл туралы депутат «ABAY Live» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды тілшіміз Halyg Uni сайтына сілтеме жасап.

Айта кету керек, Түркістан облысынан сайланған Мәжіліс депутатының өзі жобаның жүзеге асуына атсалысқан.

«Түркістан облыстық мәслихатында депутат кезімізде ауылдардан азаматтарды арнайы көшірген жағдайларымыз да болған. Қазір сол азаматтардың кемінде елу пайызы сол жақта қалып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бірақ ауа райына үйренбей немесе дұрыс жағдай қарастырылмай кері қайтып жатқандар да аз емес. Біз осы мәселені қайта көтеріп жатырмыз. Үкімет жақсы бағдарлама әзірлеп, қаржыны көбейтеміз деген уәде берді. Біз халықты дұрыстап қамтамасыз етпей, ол жақта ұстап отыра алмаймыз. Мемлекет жұмыс беріп, үймен қамтамасыз етуге тиіс», — дейді депутат.

Депутаттың айтуынша, аталған көш солтүстіктегі демографиялық ахуалды реттеп қана қоймай, Қазақстанның шекаралық аймақтарын айтарлықтай күшейтеді.

«Қазіргі геосаяси ахуалға байланысты шекаралық аудандарды күшейтуіміз керек. Үкімет мұны түсінуге тиіс. Ақшаны аямауымыз керек. Менің ойымша, оңтүстіктен барған адамдар бір-бірімен араласып тұру үшін жекелеген отбасыларды емес, бір әулетті, көршілерді бірге көшірген дұрыс. Сонда өзара араласып, бір-біріне қолдау көрсетіп, үйренісіп кетеді», — деді Қарат Балабиев.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *