Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Үкімет Петропавл қаласы аумағын кеңейтуді көздеп отыр

Қазақстан үкіметі Петропавл қаласы аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА сайтында жарияланған қаулы жобасында көрсетілген, деп хабарлайды  тілшіміз.

«Cолтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Cолтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Кызылжар орман шаруашылығы» және «Соколовка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 230,1 гектар жер учаскелер елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын», — делінген қаулы жобасында.

Сондай-ақ құжатта Петропавл каласының әкімдігі орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған 67 731 554 теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын, 5 805 200 теңге мөлшеріндегі сүрек шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтейтіні көрсетілген.

Қаулы жобасын талқылау 7 қарашаға дейін жалғасады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *