Жарияланған күні: 29.10.2023
Путин Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды тілшіміз.
«Қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, қолдау білдіремін, жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз», – деді Ресей президенті.