Төртінші қараша Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Төртінші қараша күні Петропавлда жыл сайынғы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Оған барлық аудандар мен ірі кәсіпорындардың қатысады, деп хабарлайды тілшіміз.
Дәстүрлі жәрмеңке биыл екі жерде ұйымдастырылады. Сауда алаңдарының бірі – Мағжан Жұмабаев көшесі бойында (Интернационал мен Пионер көшесінің аралығында) орналасса, екіншісі Жұмысшы кентінде, Космановтар көшесі 79/1 өтеді.
«Жәрмеңке таңғы 9-да басталады. Барлық аудандар мен Петропавл қаласының 100-ден аса кәсіпорыны қатысады. Ауыл шаруашылық өнімдері, мал азығы, бал, балық өнімдері сатылады. Тауар нарықтағы бағадан 15-20% арзан болады. 1069 тонна шамасында 100-ден астам тағам өнімін саудалау жоспарланып отыр», — делінген СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратта.