Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Краснознаменное ауылының тұрғындары зауытқа сүт өткізе алмай отыр

Мамлют ауданына қарасты Краснознаменное ауылының тұрғындары зауытқа сүт өткізе алмай отыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Ал шикізат қабылдайтын кәсіпорын басшылары болса сапаның нашарлағанын алға тартуда.

Ауыл тұрғыны Елена Мартыненко бұған дейін 6 сиыр сауатын.  Сүт саудасы тоқтағаннан кейін Зеңгі баба төлінің 2 басын союға мәжбүр болған екен. Тұрақты кіріс болмағандықтан, малды қыстан алып шығу оңай емес. Осылайша табысын қағылған жұрт сүт зауытының өкілдерімен кездесті.

 «Тұрғындар санитарлық талаптарға мән беру керек. Сүт сауылатын әрі құйылатын шелек пен сиырдың желіні таза болғаны жөн. Малдың жасы мен денсаулығына да көп нәрсе байланысты. Егер жануар ауырса, ол сапалы шикізат бермейді. Төлдердің алдында және төлдегеннен кейін де сапа төмен болады. Мұны халық біркісідей білсе дейміз. Тұрғындар негізгі ережелерден хабардар болса әрі жауапкершілік танытса, сүт қабылдауға әрдайым дайынбыз», — дейді «Маслодел» ЖШС зертхана меңгерушісі Елена Ахметжанова.

Айта кетейік, бұл – жақын маңдағы ауылдарға қатысты да проблема. Тараптардың кездесуінде салаға жауапты орган өкілдері де болды. Бейінді басқарма басшысының орынбасары Талғат Наурызбаев зауыт өкілдерін тұрғындарға тазалық шараларын түсіндіруге шақырды. Сонымен қатар, мәселенің жай-жапсарын жақынырақ білу үшін халыққа өндіріс орнының қаладағы зертханасында сүт сапасын тексеруге кеңес берді.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *