Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысында оқ тиген сержант ауруханада көз жұмған

Петропавлда Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің жауынгері қызмет барысында жараланып, ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиға  он екінші қараша күні болған, деп хабарлайды тілшіміз.

Оқыс оқиғаның болғанын құзырлы орган өкілдері растады.  ҚР Ұлттық ұланы  6637 әскери бөлімінің сержанты Виталий Чужиков қылмыскерлерді ұстау кезінде әріптесінің қолынан қаза тапты.  38 жастағы әскери қызметші оқ жарақатын алғаннан кейін әріптестері оны бірден медициналық мекемеге жеткізген. Реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Осыған қатысты Петропавл қаласының әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов түсінік берді. Айтуынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайын анықталуда.

 «Қайтыс болған 6637 әскери бөлімінің сержанты Чужиков. ҚР ІІМ орталық-өңірлік әскери тергеу басқармасының Петропавл тобы ҚР қылмыстық кодексінің 462 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы фактіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Әскери қызметші оқ жарақатын алғаннан кейін әріптестері оны бірден ауруханаға жеткізді, бірақ реанимациялық шаралар жүргізілгенімен дәрігерлер оны құтқара алмады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жария етілмейді»,- деді Петропавл гарнизонының әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов.
 

Виталий Чужиков ҚР Ұлттық Ұланның 6637 әскери бөлімінде келісім – шарт бойынша жүргізуші болып жұмыс істеген. Оның артында әйелі мен бала – шағасы қалды.   

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *