Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жаяу жүргіншілердің қатысуымен 113 жол -көлік апаты тіркеліп, 10 адам қаза тапты

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 113 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан 110 адам түрлі денен жарақатын алып, тағы 10-ы қаза тапты, деп хабарлайды тілшіміз.

Тәжірибе көрсеткендей, жолдардағы автокөліктер саны артып келеді. Ал жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жол үстіндегі жағдайға көңіл аударуы керісінше төмендеуде. Осыған байланысты полицейлер жаяу жүргіншілер арасындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін облыс аумағында 5831 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жаяу жүргіншілерге жол бермеген 812 жүргізуші анықталды. Сондықтан барша солтүстікқазақстандықтарды жол ережесін сақтауға шақырамыз. Жолдың белгіленбеген жерлерінен өтпеулеріңізді сұраймыз. Әсіресе жаяу жүргіншілер өткелінен өтер кезде, бағдаршамнан өтер алдында көлік құралдарының жол беріп тұрғанына көз жеткізу қажет», — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы Баян Байғаскина. 

Үстіміздегі жылдың соңғы 10 айында  облыс  аумағындағы  жолдара 327 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 39 адам қаза тапты, 463 адам дене жарақаттарын алды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарлауынша, жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 13 қарашадан бастап мүдделі мемлекеттік органдармен, азаматтық оғам интситуттарымен және БАҚ-пен бірлесіп, кең ауқымды «Жол қозғалысының қауіпсіздік апталығы» республикалық акциясы өткізілуде.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *