Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл қаласында кәріз коллекторын жөндеу жұмыстары 20 қарашаға дейін аяқталады

Облыс орталығында кәріз коллекторын жөндеу жұмыстары 20 қарашаға дейін аяқталады, деп хабарлайды тілшіміз.

Петропавлда кәріз құбырының зақымдануына байланысты 9 қарашадан бастап техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Себебі 700 метрлік құбыр апаттық жағдайда. Мамандар бес күн бойы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Негізінен ол  өткен ғасырдың 60 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Әбден ескірген. Әрі уақытылы ауыстырылмаған. Өткен аптаның басында ақау табылып, оны шұғыл түрде қалыпқа келтіру керек болды. Сол себепті жергілікті билік өкілдері төтенше жағдай режимін енгізуге мәжбүр болды. Бесінші күн қатарынан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде ұзындығы 700 метр құбырдың 160 метрден астамы жаңаланды.

«700 метрді біз бірнеше учаскеге бөліп тастадық. Қазір барлығы 30-ға жуық адам еңбек етуде.  Коллектор алты жарым метр тереңдікте жатқандықтан, аздаған  қиыншылықтар бар. Оның үстіне құбырда түрлі улы газдар жиналған. Сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз керек. Қажетті материалдардың барлығы жеткізілді. Бұрғылау әдісімен қалыпқа келтіріп жатырмыз»,- деді серіктестік директоры Евгений Карабельников

Негізінен бұл коллектордың ұзындығы 3 100  метр шамасында.  Ол қаланың бірнеше ауданынан келетін ағынды суларды жинайды.

«Коллектор 1956 жылғы. Оған шамамен 80 көпқабатты тұрғын үй қосылған. 700 метрді жаңалау үшін -171 миллион теңге қарастырылған. Жұмыстарды 20 қарашаға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мәселе қала әкімімен, өңір жетекшісінің жіті бақылауында. Тұрғындарға айтарымыз, алаңдауға еш негіз жоқ. Қазір қосымша құрылғылар арқылы ағынды суларды өткізу ұйымдастырылған. Жалпы бұл коллектордың 700 метрін біз төтенше жағдай режимі аясында жөндейміз. Қалғанын екі жылдық жоба аясында қалыпқа келтіретін боламыз» , — деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Жалпы бүгінгі күні облыс орталығында кәріз құбырларының ұзындығы – 257 шақырымнан асады. Ал оның 60% -тен астамы бүгінде ескірген. Сондықтан жауаптылар, мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *